$ 494.87  520.65  4.91

Астанада даяшы кассадан ақша ұрлаған

Ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астанада кассадан ақша жымқырған даяшы құрықталды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт қаланың сол жақ жағалауында орналасқан кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Әріптестерінің байқамай тұрғанын пайдаланған күдікті кассадан 70 мың теңге көлемінде ақшаны жасырын алып кеткен. Содан ұрланған ақшаны өз керегіне жаратқан. Кассада ақша жетіспейтінін білген кафенің иесі полицияға жүгінген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары