06.11.2023, 12:40

Алматы облысында 31 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылды

Фото: polisia.kz

Қазіргі кезде өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары басталды.

Алматы облысы Балқаш қаласында 31 жастағы полицейдің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары басталды.

Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл дерек бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша тіркелді, - делінген ПД хабарламасында.

Ведомство қайтыс болған азаматтың «отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болғанын, ол да қылмыстық тергеу аясында тексерілетінін» атап өтті.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды, - делінген ақпаратта.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етілмейді.