06.11.2023, 14:40

Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Фото: Pixabay

Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына 50 млн теңге материалдық көмек бөлді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Костенко атындағы шахтада болған трагедияны терең күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза болған шахтерлердің отбасыларына 50 миллион теңге қаржылай көмек бөлді, - делінген қордың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.