Бұл көп жағдайда өлімге әкеледі.
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ирина Кайратовна тобының концерті кезінде көз жұмған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен расталғанын хабарлады.
Өлімнің себебі –жіті геморрагиялық панкреонекроз еді. Ол токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды, – деп мәлімдеді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Жедел геморрагиялық панкреонекроз – ұйқы безінің ауруы. Бұл көп жағдайда өлімге әкеледі. Ұйқы безі ферменттер мен инсулин шығару арқылы ас қорытуда маңызды рөл атқарады және оның қабынуы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Геморрагиялық панкреонекроз кезінде бездің тіндерінен қан кетіп, қабынады.