$ 441.58  480  4.86

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астанада, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 7 қараша күні Астана және еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

7 қарашада Астанада, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Өскемен, Риддер және Семейде болжанып отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қауіптің екінші деңгейі жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары