Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.
Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-сілтеме жасап.
Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.
"Бәйтерек" холдингі Отбасы банк жақында "9-20-25" бағдарламасын іске қосады.
9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады, - делінген ақпаратта.
Massaget.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.
"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті ("9-20-25" бағдарламасы іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ, - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, бүгінде елімізде "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ.