Осылардан бәрін күтуге болады.
Алматы обылсында 38 жастағы әйел ондаған адамды алдап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Хиджабқа оранған әйел, бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, әйел адам бұған дейін 15 адамды алдап соққан. Ол өзі пәтер жалдап ақшасын төлейтін кезде, оны басқа адамға жалға беріп отырған.
Онымен қоймай, жалға берген адамдардың бәрінен бір немесе бірнеше айдың ақшасын сұрап, алданған адамдардан кем дегенде 150-400 мың алған.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге әйел адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін, істі болғаны анықталды.
Бұл оқиғадан хабардар болған көпшілік хиджабтағы әйелді қатаң сынға алуда.
"Осылардан бәрін күтуге болады", "Неге? Жақсы емес пе? Біздің ұятмендер қайда? Ашық-шашық киінген қыздармен алысатын... Сондықтан бұлардан бәрі шығады, бәрі адамға байланысты", "Орамалдағы сайтандар десейші", деп жазды олар.