$ 494.87  520.65  4.91

Елена Рыбакинаның рейтингідегі орны анықталды

Өткен аптада Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанған Жібек Құламбаева 160-тан 151-ге жоғарылады.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Мексиканың Канкун қаласында өткен WTA қорытынды турнирден кейін Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі орны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

WTA қорытынды додасында Польша өкілі Ига Швентек финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтып, дүниежүзілік рейтингіде қайтадан көш бастады, деп жазады Kazinform. 

Осылайша, И.Швентек биыл да жылды әлемнің 1-ракеткасы ретінде түйіндейтін болады. Беларусь спортшысы Арина Соболенко екінші орынға ығысса, америкалық Кори Гауфф үздік үштікте, қазақстандық Елена Рыбакина төртінші сатыда қалды.

WTA қорытынды сайысында Е.Рыбакина өз тобында үшінші орынға ие болып, жартылай финалға шыға алмаған еді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева рейтингіде 70-тен 69-ға көтерілді.

Жұптық сында америкалық Сторм Хантер, бельгиялық Элизе Мертенс, Д.Пегула алда келеді.

Қазақстанның жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина 57-ден 56-ға шықса, Е.Рыбакина 118-ден 119-ға төмендеді.

Өткен аптада Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанған Жібек Құламбаева 160-тан 151-ге жоғарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары