$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді

Оның қазір жұмыс орнында екені де белгілі болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жетісу облысындағы Кербұлақ ауданында 12 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып, бала қаза тапты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Жергілікті пабликтер мәліметінше, көлік тізгінінде әкім болған.

Облыстық полиция мәліметінше, 12 жастағы мектеп оқушысы 2 қарашада Hyundai Creta көлігі қағып кеткеннен кейін қаза болған. Көлікті 39 жастағы әйел жүргізгені анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

ЖКО дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды. Жол-көлік оқиғасын тергеуді облыстық анықтау басқармасы жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кербұлақ ауданының әкімдігі Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова ұшыраған жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданы, Биғаш ауылында болғанын растады. Әкімдік мәліметінше, 39 жастағы әйел 2018 жылдың 3 сәуірінен бері Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Оның қазір жұмыс орнында екені де белгілі болды.

Қазір Көксу ауылдық округінің әкімі А.Бақтиярова жұмыс орнында, Ескелді ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр, жұмыстан босатуға нақты негіздер жоқ. Әлия Маратқызы Бақтиярова бүгінгі күнге дейін ешқандай тәртіптік теріс қылық жасамаған және бұрын сотталмаған, - деп хабарлады Кербұлақ ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімнің 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана екені атап өтілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары