$ 494.87  520.65  4.91

Астаналықтар танымал қаржы пирамидасына 170 млн теңге салған

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Қаржы мониторингі агентігінің елордалық департаментінің қызметкерлері Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.

Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылды.

Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары