$ 443.37  474.49  4.83

Астанада 7 бағыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды

Автобустардың қозғалыс кестесіне кішігірім өзгерістер енгізілді.

Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Астана қаласында 7 бағыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаладағы автобустар саны 11 бірлікке артты. Тұрғындарға қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, бүгін, 7 қарашадан 7 бағыт бойынша автобустар қосылды.

City Transportation Systems" ЖШС

Нақтысында:

  • №5, 5А, 60, 61 бағыттарындағы автобус саны 1 бірлікке
  • № 45 және № 54 бағыттары бойынша 2 бірлікке
  • № 8 бағытта 3 бірлікке көбейтілді.

Автобустардың қозғалыс кестесіне кішігірім өзгерістер енгізілді. Бұл басқа автобустардың жүктемесін төмендетуге көмектеседі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары