$ 441.44  473.09  4.75

Қазақстан Шанхайдағы ЭКСПО-да 74 млн долларға келісімшарттар жасасты

Отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестермен май өнімдерін, құрғақ сүтті, балды, сондай-ақ жемдік ұнды жеткізу туралы келісті.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстан Шанхайдағы ЭКСПО-да 74 млн долларға келісімшарттар жасасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиев пен ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Р. Рахимовтың қатысуымен қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы үш меморандумға және жалпы сомасы 74 млн долларға 15 экспорттық келісімшартқа қол қойды, делінген хабарламада.

Отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестермен май өнімдерін, құрғақ сүтті, балды, сондай-ақ жемдік ұнды жеткізу туралы келісті.

Келісімдерге қол қою рәсімінде Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.

Қытайдың халықаралық импорт көрмесі (CIIE) Шанхай қаласында 2023 жылдың 5-10 қарашасы аралығында өтеді. Қазақстанның бизнес-стендінде «Мибеко» ЖШС, «Алматы өнімі» ЖШС, «Восток ЭкоЛайн» ЖШС, «Өскемен май зауыты», «DEP» ЖШС, «Евразия ИНВЕСТ ЛТД» ЖШС, «Лепсинск Өнімдері» ЖШС, «Тек Tau» ЖШС, «Көрік ШҚ» ЖШС, «Arnna Minerals» ЖШС,  «Алель Агро» ЖШС,  «Алтын Орда» ЖШС және басқалардың өнімдері ұсынылған.

Қазақстандық кәсіпорындардың импорттық ЭКСПО-ға жыл сайын қатысуын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы және Қазақстандағы ҚХР елшілігі қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары