21 қазаннан бері мұнда дәрі-дәрмек, азық-түлік тиелген 470-ке жуық жүк көлігі жеткен.
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы агенттігі әлем елдерін Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттік төрағасы анклавқа Мысыр арқылы көмек жүгін жеткізуді кеңейтуге күш салып жатқанын айтты. Сондай-ақ Газаны қажетті отынмен қамтамасыз етуді жеңілдету үшін құрлық бағытының балама жолын зерттеп жатыр.
Айта кетейік, 21 қазаннан бері мұнда дәрі-дәрмек, азық-түлік тиелген 470-ке жуық жүк көлігі жеткен.
Халықаралық құрылымның айтуынша, қазір Газа секторында жедел ішек инфекциялары, диарея және желшешек індеті жиі анықтала бастады.
Жағдай босқындар лагеріндегі адам санының көптігі мен өмір сүру деңгейінің ауырлығынан ушығып кеткен. М
ұнан бөлек, Газаның солтүстігінде су тапшылығы әлі байқалады. Өйткені отын мен энергия көзінің жеткіліксіздігінен су тазарту ұңғымалары уақытша жұмысын тоқтатты.