Тіпті сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болуымыз мүмкін.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министр елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну күрт өскенін бірнеше рет айтты. Оның үстіне, көліктер жаппай жартылай газ әдісіне ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты Энергетика министрлігі қазір қосымша көлем іздеп жатыр.
Біз ТШО компаниясымен келіссөз жүргіздік. Олар ішкі нарыққа айына қосымша 10 мың тонна газ жеткізді. Біз "ҚазМұнайГаздың" барлық көлемін ішкі нарыққа шығардық. Осының арқасында баланс ұстап отырмыз, яғни қазір бар. Объективті түрде тапшылық жоқ. Бәлкім аймақтарға жеткізуге қатысты мәселелер бар, - деді министр.
Бірақ автокөліктерді газға көшіру осы қарқынмен өсе берсе, келешекте қысқа мерзімде өңдеу қуаты жеткіліксіз болады.
«Мұндай қарқынмен келешекте газ өңдеу қуаттарының әлеуеті қысқа мерзімдегі қажеттіліктерге жетпей қалуы мүмкін. Тіпті сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болуымыз мүмкін. Ол кезде баға мүлде басқаша болады. Тіпті бензин бағасымен салыстыратындай деңгейге шығуы ықтимал», - деді Алмасадам Сәтқалиев