$ 494.87  520.65  4.91

Депутат бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Жұмыссыз жалғызбасты аналар немесе жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты төлемін күнкөріс минимуны теңестіруді ұсынды.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев отбасын асырап отырған жалғызбасты жандарға бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы мәселесіне үнемі қолдау танытып, басымдық беретіндігі баршамызға белгілі. Бүгінгі депутаттық сауал толық емес отбасылар, жалғызбасты ана және жалғызбасты әкелердің әлеуметтік қорғалуы туралы. Толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгізеді, - деді ол.

Депутат жұмыссыз жалғызбасты аналар немесе жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты төлемін күнкөріс минимуны теңестіруді ұсынды. Сондай-ақ бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту қажет деп есептейді.

Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз. Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйрмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз, - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары