Түскен қаражат соғыстан зардап шеккен Палестина халқына көмек ретінде аударылады.
Боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Рио олимпиадасының финалында рингке шыққан қолғабын аукционға қою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Боксшы бұл жаңалықты Instagram парақшасында жариялады.
Палестинадағы халыққа көмек. Бұл қолғаптар онлайн ойнатылады, - деп жазды ол.
Оның айтуынша аукционнан түскен қаражат соғыстан зардап шеккен Палестина халқына көмек ретінде аударылады.
Риодағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Елеусінов өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты жеңген еді.