Құрылымның әбден тозуы салдарынан апаттар жиілеп кеткен.
Петропавлда кәріздегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Петропавловск.news басылымының жазуынша, Петропавл әкімі Жуков пен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің ауданындағы кәріз коллекторында болған апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.
Коллектор 1956 жылы салынған. Құрылымның әбден тозуы салдарынан апаттар жиілеп кеткен. Коллектордың толық тоқтап қалуына жол бермеу үшін бұл аумаққа жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қала әкімдігі коллекторды жедел жөндеу үшін жергілікті техногендік төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат қазір нормативтік құқықтық актілер порталында қаралуда.
Әзірге коллектор жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай аясында 700 метр кәріз құбырын тез арада жөндейміз. «Қызылжар су» жұмысын бастады, – деді әкімдік отырысында қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Төтенше жағдай 9 қарашада енгізіледі деп хабарланды. Коллектор зерттеліп, «Қызылжар су» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатыр. Бұл мәселе облыс, қала басшылығының бақылауында. Қала әкімдігі де алаңдауға негіз жоқ екенін, жұмыс әдеттегідей жүргізілетінін айтты.