$ 494.87  520.65  4.91

Роза Рымбаева: «Әли орденмен марапатталды» дегенде қатты таңғалдым (ВИДЕО)

. Қаншама музыкалық жобаларға қатысып жүлделерге ие болып жатырмыз. Біреуін де көрсетпейміз. Өйткені ол біздің шығармашылық өміріміз, жұмысымыз.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Әнші Роза Рымбаева ұлы Әли Оқаповтың «Құрмет» орденін алуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Динара Сәтжан арнасына берген сұхбатына құлақ түрсек, Рымбаева ұлына қатысты әлеуметтік желідегі сынды үш күннен кейін естіген.

Ол кезде Республика күнін тойлатып жатқан кез. Көп концерт бердік. Даулы мәселенің анық-қанығын үш күннен кейін бір-ақ естідім. Әлеуметтік желіде отырмаймын, негатив пікір оқымаймын, бағдарлама қарамаймын. Сол үшін кеш естіп қалдым. Әли орденмен марапатталды дегенде қатты таңғалдым. Кешкісін үйге келсек Мәди айтады осындай шу болып жатыр деп. Ол ағасы үшін қатты уайымдады. Күйзеліске түсіп, сынып кетсе қайтеміз деп қорықты. Мен сол түні мүлдем ұйықтамадым. Жүрегім аузыма тығылып, таңды көзбен атырдым. Не күлерімді, не жыларымды білмей, әуре-сарсаңға түстім. Балаларыма әлсіздігімді көрсеткім келмей, іштен тындым, – деді Халық әртісі.

Тіпті ол ұлының осы уақытқа дейін жасаған музыкалық жұмыстарын жоққа шығарғандарға жауап берді.

Екі ұлым да музыка мектебінде 18 жыл оқыды. Олардың кәсіби білімі өте жоғары. Сондықтан өнерге орта жолдан қосылды деп айтуға қарсымын. Екеуі де кез келген аспапта ойнай алады. Музыкадан сабақ беріп, оркестрде пианист, композитор, ән әрлеуші де бола алады. Өзім Әлидің әке жолын қуғанын қалаймын. Ұлдарымның ортасы – кәсіби музыканттар. Біз жарнама жасаумен айналыспаймыз. Қаншама музыкалық жобаларға қатысып жүлделерге ие болып жатырмыз. Біреуін де көрсетпейміз. Өйткені ол біздің шығармашылық өміріміз, жұмысымыз, – деді Рымбаева.

Еске салсақ, бұған дейін Әли Оқаповтың марапаты өзінде қалғанын, бұл мәселеге қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін жариялағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары