$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда шенеуніктері жөнделген көшеге тағы 1,7 млрд теңге бөлген

Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылорда қаласында мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы» Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды. Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған, – деп мәлім етті облыстық прокуратура.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары