$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан - Ресей форумын ұйымдастыруға 13 млрд теңге жұмсалған

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, онда салынған әр нысан өңірді дамыту үшін қажет. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қостанайда өтетін Қазақстан - Ресей форумын ұйымдастыруға 13 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, әу баста іс-шараға екі елдің президенттері қатысады деп жоспарланған. Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин форумды видеобайланыс арқылы онлайн тамашалайтыны белгілі болған.

Ал, Ұлттық экономика министрінің айтуынша, онда салынған әр нысан өңірді дамыту үшін қажет. 

Осы қаражатқа салынған қаладағы кез келген инфрақұрылым жергілікті тұрғындарға қалады. Ауқымды ісшара өтеді. Ресейдің шекаралас өңірлерінен кәсіпкерлер келеді, біздің бизнесмендер, мемлекеттік қызметкерлер қатысады. Содан кейін кез келген нысан, соның ішінде визиторталық өңірді дамыту үшін қажет, деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары