Бірақ алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар.
Елордада жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Астанада пәтер жалдап, брондауға тапсырыс берген екі азамат полицияға хабарласып, белгісіз әйелге әрқайсысы 12 мың теңгеден беріп, алданып қалғандарын айтып, арызданған.
Алматы ауданық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылжымайтын мүлік бойынша алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 35 жастағы әйелді анықтады.
Қазіргі уақытта оның екі алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Бірақ алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар.
Анықталғандай аталған күдікті Астанадағы танымал жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін баспана туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Онда жалдау бағасын төмендетіп көрсетіп, интерьердің түрлі-түсті фотосуреттерін қойып, адамдарды қызықтырған. Сөйлесу барысында әлеуетті жалға алушылармен үзіліссіз телефон арқылы хабарласып, барынша әр түрлі әдіспен ақшаларын жымқырудың жолын іздеген. Сөйтіп алдын ала жасалған төлемдерді Kaspi bank қосымшасы арқылы онлайн аударыммен алып отырған.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қалған зардап шеккендердің кім екені анықталуда.