09.11.2023, 14:40

Тоқаев Путинді Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

Форум Астана уақытымен сағат 13:40-та Хабар24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бүгін Қостанай қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

 Форум Астана уақытымен сағат 13:40-та Хабар24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.