$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстан Қытайға ақбөкен мүйізін сатуды жоспарлап отыр

Ақбөкен мүйіздері – дәстүрлі түрде Шығыс елдерінде, негізінен Қытайда фармацевтиканың құрамдас бөлігі.

 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің шенеуніктері ақбөкен мүйізін сатуға рұқсат алу үшін Швейцарияда жүр. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарланып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экология министрлігінің айтуынша, жуырда Қазақстандағы киіктердің саны аулау және ату арқылы реттелмек. Шенеуніктер елімізде сирек кездесетін ақбөкен етін заңды түрде сатуға болатынын мәлімдеді. Бірақ мүйізді сатуға қатысты мәселе әлі толықтай шешілмеген. Министр Нысанбаев «желіде ақбөкен мүйізін Қытайға экспорттайтыны туралы ақпарат тарап жатқаны және ақбөкенді шығыс елдері дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланатыны рас па?» деген сұраққа жауап берді.

Нысанбаев бұл ақпаратты растады. Бірақ ақбөкен мүйізі қазір емес, кейінірек сатылады.

Ақбөкен мүйіздері – дәстүрлі түрде Шығыс елдерінде, негізінен Қытайда фармацевтиканың құрамдас бөлігі. Бүгінде біз оларды экспорттай алмаймыз, өйткені CITES халықаралық ұйымы жануарлардың, соның ішінде, ақбөкендердің кейбір түрлерінің мүйізі мен дериваттарын экспорттауға тыйым салған. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарлануда. Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз, комитет төрағасының орынбасары Женевада, CITES-тің орталық кеңсесінде, жабайы табиғат комитетінде, киіктердің бөліктері мен дериваттарын экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі талқыланып жатыр. Рұқсат алудың болжамды мерзімі – 2025 жыл. Біз оны қазір сатпаймыз, бірақ болашақта ақбөкеннің мүйізін сыртқы нарыққа сатуды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары