$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Қостанай облысын елдің сарқылмыс қорына теңеді

Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің әлеуеті мұнан да жоғары.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қостанай облысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біздің бүгінгі ауыл шаруашылығына арналған форумның Қазақстанның нағыз сарқылмас қорында өтіп жатуының символдық мәні бар. Қостанай облысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Бұл, оның ішінде, Қазақстанда тың жерлерді игерудің басталуының арқасында орын алды. Келесі жылы науқан басталғанына 70 жыл толады. Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы төрттен бірге артып, 3,6 млрд долларды құрады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің әлеуеті мұнан да жоғары.

Елдеріміз агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сауда мен өзара тиімді кооперацияларды кеңейту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Қазақстан мен Ресейдің ірі ауыл шаруашылығы таураларын өндірушілердің бірі екендігін және астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың ондыған кіретіндігін айтсақ та жеткілікі. Бүкіл әлемдегі егістік жерлердің 10 пайызға жуығы және жайылымдар мен шабындықтардың 9 пайызы екі елдің үлесіне тиесілі, - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары