09.11.2023, 16:00

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторына қандай талап қойылады

Фото: Pixabay

Сонымен бірге ол басты міндет – бұл кәсіпорынның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін айтты.

Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сенат отырысы барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан компанияны жаңа акционерге тапсыру кезінде қандай шарттар қолданылатыны жөнінде сұрақ қойылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Министрдің жауабы

Біз АМТ-ның акционерлер құрамынан толық шығуы туралы келістік, біз бұл процесті осы айдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірақ халықаралық ережелерге сәйкес, мәміле ресми түрде ресімделіп, жабылмайынша, оның шарттарын жариялауға құқығымыз жоқ, - деп атап өтті министр.

Сонымен бірге ол басты міндет – бұл кәсіпорынның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін айтты.

Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін осы кәсіпорынның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Қазір компанияда қауіпсіздікке салу мәселесі өзекті болып тұр. Үкімет бұған дейін айтқандай, орта мерзімді перспективада өндіріс желісін кеңейту үшін, өндіріс қуатын арттыру үшін көп қаржы салу керек. Бүгінде компания 3,2 млн тонна болат өндіреді,  өндірісті 4,5-4,8 млн тоннаға дейін жеткізуге әлеует бар, - деді Шарлапаев.

Үкіметтің есебінде, компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін салынуы тиіс инвестициялардың көлемі 3 миллиард долларға бағаланып отыр.