Баланың құрдасы бәрін телефонға түсіріп алған.
Павлодарлық мектеп мұғалімдері балалардың әдепсіз «ойындары» үшін жазаланатын болды. Мәселен, Павлодарда 4-сынып оқушылары 2-сынып оқушысына сексуалды сипаттағы азғындық жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Pavlodarnews.kz сайтының дерегінше, қызметтік тексеру және комиссия отырысының қорытындысы бойынша мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі бас мұғалім, әлеуметтік педагог, психолог және сынып жетекшілері үш оқушыны да әкімшілік жауапкершілікке тартады.
4-сынып оқушыларының бірі жеті жасар баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Сол кезде құрдасы бәрін телефонға түсіріп алған. Кейінірек, ата-аналар балалардың анайы ойындар ойнайтынын білген.
Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның сөзінше, балалар бір-бірін таниды, жиі бірге ойнайды. Оқиға балалардың біріне қонаққа барғанда болған.
Баланы зорлау фактісі болған жоқ, бірақ жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болды, – деді Гладышева.
Тергеу барысында зорлық жасаған және зәбір көрген баланың да ата-аналары күдікті деп танылады.
Ата-аналарға қатысты да әкімшілік жауапкершілікке тарту басталды. 4-сынып оқушыларының ата-аналары баланы тәрбиелеумен айналыспағаны үшін, ал 2-сынып оқушысының ата-аналары балаға уақытылы көмек көрсетпегені және полицияға жүгінбегені үшін кінәлі деп жауапқа тартылады, – деді Светлана Гладышева.