$ 494.87  520.65  4.91

Прокуратура қызметкерлері Атыраудың бұрынғы әкімін ұстады

Ол Қаңтар оқиғасының алғашқы ауыр күндерінде жұмыс орнында болмаған. 

Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевты облыстық прокуратура қызметкерлері ұстады. Экс-әкім жер қатынастары саласына қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі кезде бұрынғы әкім уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары Атырау қаласын басқарды. Ол Қаңтар оқиғасының алғашқы күндері жұмыс орнында болмаған. 30 желтоқсаннан бері «денсаулығына байланысты» демалыста болған деп хабарланды. Кейін экс-әкім елдегі соңғы жағдайларға байланысты отставкаға кету туралы өтініш берген. Ол тіпті, өтініші қанағаттандырылғанын айтқан болатын. Шенеуніктің бұл әрекетіне жергілікті тұрғындар әлеуметтік желі арқылы наразылық білдіріп, әкімді қайтаруды сұраған.

Кейінірек Қайрат Оразбаев әлеуметтік желіде жұмысы барысында мүмкін емес жұмыстар атқарылды деп жазба қалдырған.

Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді. Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды, – деп жазды сол кезде экс-әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары