$ 494.87  520.65  4.91

«Air Astana» Қытайдың үш қаласына жаңа бағыттар ашпақ

Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚР Көлік министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы-Пекин бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана-Пекин бағыты бойынша аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін; Алматы-Үрімші бағытында аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін ұлғайтылады, делінген хабарламада. 

Сонымен бірге келесі жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа қытайлық Air Logistics жүк әуекомпаниясы қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша жүк тасымалына арналған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.

Осы ретте бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалатынын айта кеткен орынды. Оның ішінде, «Алматы-Пекин» бағытында («Эйр Астана») – аптасына 6 рейс; «Астана-Пекин» («Эйр Астана») – 1 рейс; «Астана-Үрімші» (Fly Arystan) – 2 рейс, China Southern Airlines – 2 рейс; «Алматы-Үрімші» («Эйр Астана») – 2 рейс, China Southern Airlines – 7 рейс; «Алматы-Сиань» (China Southern Airlines) – 2 рейс; «Астана-Сиань-Пекин» (Air China) – 2 рейс; «Алматы-Ханчжоу» (Loong Airlines) – 3 рейс.

Жалпы Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билік өкілдерінің арасындағы келісімге сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейс орындауға рұқсат етілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары