Олардың несиелері мен шағын несиелерінің жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге болған.
ҚР Қорғаныс министрлігі елімізде әскери сала мамандарына көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанда әскерге шақырылған 5000-нан астам сарбаз әскери борышын өтеуіне байланысты несиелік демалыс алды. Олардың несиелері мен шағын несиелерінің жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге болған.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Руслан Жанғұлиннің айтуынша, аталған несиелер негізінен тұтынушылық, соның ішінде құрал-жабдықтар, смартфондар мен гаджеттер сатып алу үшін алынған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен жасалған келісім аясында мерзімді әскери қызметшілерге борышын өтеуге байланысты несиелік демалыстар жарияланды.Біз агенттік арқылы екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен тікелей жұмыс жасаймыз. Бүгінгі күні 5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге несиесі кейінге қалдырылды. Бұған дейін әскерилер Отан алдындағы борышын өтеуге кеткенде несиесін кім төлейді, қосымша қанша айыппұлдар келеді деген секілді сұрақтар жиі туындайтын, - деді Руслан Жангулин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі биылғы жылы 2022 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке 29 мыңнан астам сарбаздың арнайы конкурстық іріктеуден өткенін хабарлады. Оның 3000-ы жоғары оқу орындарында, оның ішінде 350-і еліміздің әскери оқу орындарында тегін білім алу құқығына ие болды.
Бүгінге дейін ЖОО есебінен тегін білім берілсе, 2024 жылдан бастап норма заңда бекітілгеннен кейін бұл санаттағы азаматтар мемлекеттік грантқа ие болады. Бұл жаңашылдық оларға шәкіртақы мен жатақханаға кепілдік береді.Жоғары оқу орындарына түсетін азаматтар Армияға жатақханадан орын берілгеннен кейін басымдықпен қамтамасыз етілетін болады, бұл тегін де, ақылы да оқитын студенттерге қатысты, - деді Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы Ербол Құмарбекұлы.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 2022 жылдың көктемгі шақырылымынан оқу жеңілдіктерін алған 600-ден астам адам жоғары оқу орындарында оқуды бастады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жеңілдікті білім алуға үміткерлер арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана IT университеті және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті үлкен қызығушылық танытып отыр.
2024 жылдан бастап әскери борышын өтеген жастар Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның жоғары оқу орындарына түсе алады.Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің ЖОО-на қабылдау жұмыстары жүргізілуде, - деп қорытындылады Қорғаныс министрлігінің өкілі.