$ 494.87  520.65  4.91

Нұржан Керменбаев: Президенттің алдында ұятқа қалдық (ВИДЕО)

«Ақтамақ-Әпитөк» деген әні түсті. 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

«Арнау» тобының әншілері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан концертте  әннің сөзін ұмытып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дуэт сахнада ыңғайсыз жағдайға қалғаны туралы айттып берді. Нұржан Керменбаевтың айтуынша, Салтанат саспастан ыңылдап әнді айта берген.

Бір күні Президент әкімшілігінен хабарласып, президенттің қатысуымен өтетін жабық кешкі аста өнер көрсетесіңдер деді. Біраз өнер жұлдыздарының қатысуымен екібөлімдік концерт өтті. Бірінші бөлімде өзіміздің репертуарымыздағы әндерді айттық. Ол қиынға соқпады. Келесі бөлім – президенттің сүйікті әндерін айту. Бізге «Ақтамақ-Әпитөк» деген әні түсті. Астанаға жеткенше сөзін жаттап, дайындалып, әнді әрлеп, жанды дауыста енді салайын деп жатқанда сөзін ұмытып қалдық. Салтанат еш саспастан: «На-на-на» ырғағына салып айтып шықты. Бір қызығы ешкім күлген жоқ. Бәрі тыңдап отырды. Ән аяқталғанша екеуміз де «на-на-на» деп ыңылдап айтып шықтық. Екеуіміздің қатар ұмытып қалуымыз мүмкін емес еді. Елбасының мысы басқан болар деп ойлаймыз. Ол оқиғаға да біраз жыл өтіп кетті, – деп әнші өткен шақты есіне алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары