$ 494.87  520.65  4.91

Қытаймен арадағы визасыз режимнің бізге пайдасы неде? Мәулен Әшімбаев түсіндірді

10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим елімізге, оның ішінде, кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әшімбаевтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер Қытайға жиі барады. Тауар тасиды. Бұл ретте, екі ел арасындағы визасыз режимнің кәсіпкерлерге пайдасы зор болмақ.

Шағын және орта, ірі бизнес іскерлік қарым-қатынастарын нығайтып жатыр. Әсіресе, шағын бизнеспен айналысатындар үшін Қытайға сапарлау, серіктестерімен жұмыс істеу, тиісті шарттарды бекіту, жүктерді шығару бағытында жұмыстары жеңілдейді. Осыған дейін Қытаймен арада іскерлік байланыстары бар адамдар осы мәселені жиі көтерген болатын. Енді оларға тиісті жағдай жасалып отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

Әшімбев атап өткендей  көптеген қазақстандықтар Қытайдағы туыстарына, яғни қандастарымызға және  сол елде оқуда жүрген балаларына барғысы келеді. Бұл тұрғыдан визасыз режимнің жағдайды жеңілдетуге әсері мол көрінеді.

Қытайдаға тарихи жерлерге барғысы келетін туристер де баршылық. Сондықтан біздің азаматтар үшін жағдай жасалып отыр. Енді визаны күтіп жүрмей, ешбір қосымша рұқсат құжаттарсыз көрші елге сапарлай алады. Екі ел арасында бекітілген келісім Қазақстан азаматтарына еш кедергісіз Қытайға баруына мүмкіндік ашады, – деді Сенат төрағасы.

Еске салсақ, 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары