2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
Прокуратурада Атырау қаласының экс-әкімінің ұсталуы бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
09.11.2023ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаев ұсталды. Ол Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген ресми ақпаратта.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, бұған дейін Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғанын хабарлағанбыз.