$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев ісі: Экс-министр қанша жылға сотталуы мүмкін

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысы басталды.

Фото: ©️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото: ©️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде әйелдің қаза табу фактісі бойынша елорда полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысын бастады, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша қылмыстық іс басқа адамды қасақана өлтіргені үшін қозғалады. Осы іс бойынша кінәлі деп танылған адам 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары