Қазір қисайған құрылымды келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласында LRT жүйесінің бағанасы қисайып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астанадағы қоғамдық көлікке жауапты компанияның мәлімдеуінше, LRT құрылыс алаңының аумағында бетон құю кезінде қалыптың болт қосылымына жүктеме артып, нәтижесінде қалып бұзылған. Салдарынан темірбетон тірегінің конструкциясы бір жағына қарай қисайған.
Қазір учаскеде қозғалыс шектеліп, қисайған құрылымды келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.