10.11.2023, 23:30

Павлодар әкімінің бұрынғы орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz

Үкім кезінде сотталушы қатысқан жоқ, ол денсаулық жағдайын алға тартып, өтініш жазған.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында облыс орталығы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімімен Қалиякбаров Арслан Сержанұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасы кесілді. Бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды, –  деді судья Әнуарек Оспанов.  

Айта кетейік, үкім кезінде сотталушы қатысқан жоқ, ол денсаулық жағдайын алға тартып, өтініш жазған.