11.11.2023, 05:30

Тойда өнер көрсеткен Айқын Төлепберген ыңғайсыз жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Өнер иесі той қонағының бұл әрекетін түсінбеген.

Әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде тойда болған қызықты оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Айқын Төлепберген қызықты оқиғаның видеосын Instagram парақшасында бөлісті.

Әншімен суретке түскен ер адамның әрекеті көпшілікті таңқалдырған. Видеодан ол әншінің қалтасына қолын салып жатқаны көруге болады. Өнер иесі той қонағының бұл әрекетін түсінбеген.

Ақша салмады. Мүмкін жұғысты болсын деп, қалтама қолын салған шығар. Ағамызға өкпе жоқ. Көңілді көтеріп, суретке түсті, - деп жазды әнші.