Ол 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядағы лаңкестер қатарында болған Қазақстан азаматын Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған.
Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.
Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.
Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.
Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.