Қылмыстық кодекстің105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Астана полиция департаменті бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды."10 қарашада "102" арнасына Тілендиев даңғылындағы терезеден әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", – делінген полиция хабарламасында.