$ 494.87  520.65  4.91

Астана сотында футболдан әлем чемпионатының трансляциясына қатысты іс қаралды

Осының нәтижесінде ЖШС АҚ-ға 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төлейтін болды, бұл 345 мың теңгені құрайды.

Фото: Қазақстан футбол федерациясының ресми аккаунты
Фото: Қазақстан футбол федерациясының ресми аккаунты

Астана сотында футболдан әлем чемпионатының трансляциясына авторлық құқықты қорғау бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында авторлық құқыққа қатысты азаматтық іс қаралды.

Акционерлік қоғам берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-ға талап қою бойынша жүгінген. Талап қоюшы екінші тараптың футболдан әлем чемпионатының трансляциясына авторлық құқықты бұзғанын айтты.

Азаматтық істі қарау барысында трансляцияны үй-жайды жалға алған ЖШС жүргізгені анықталды.

Соттың дауды реттеу бойынша жұмыстарды жүргізуі барысында тараптар бітімгершілік келісім жасасу туралы келісімге келді. Осының нәтижесінде ЖШС АҚ-ға 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төлейтін болды, бұл 345 мың теңгені құрайды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары