08.08.2014, 03:20

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 246 азамат өтінішпен келген

Сурет: ria.ru

Елордалық мекемелер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестіктері мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеп, жұмысқа орналастыру жұмыстарын дөңгелек үстел аясында кеңінен талқылады, деп хабаралайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушканның мәлімдеуінша, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 246 азамат өтінішпен келген. Бүгінде 122 адам ақысы төленетін қоғамдық жұмысқа араласса, 38 тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал, 26-сы әлеуметтік жұмыс орындары мен жастардың тәжірибе жинақтау орталықтарына, қалған 23 кәсіби білімін жетілдіруге жіберілген.

Десе де, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа жіберетін саланы нақтылау әлі де өзекті тақырыптан түскен емес. Одан бөлек, жұмыс берушілермен ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Өйткені олар арнайы әлеуметтік жұмыс орын дайындауға шығындалып қаламыз ба деп күдіктенеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке қабілеттілігіне күмәнмен қарайды. Сондықтан жұмыс берушілер аталған санаттағы жандарды жұмысқа алуға құлық таныта бермейді екен.