$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың әйелінің өлімінің алдын ала себебі белгілі болды

Бишімбаев гардеробтан жамылғы әкелуді тапсырған. Оны әйелінің үстіне жауып қойған. Бастапқыда інісі Салтанатты ұйықтап жатыр деп ойлаған, кейін қан іздерін байқаған.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың өлімінің алдын ала себебі белгілі болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Kozachkov телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Kozachkov-тың мәліметінше, күдіктінің кінәсі бейнебақылау камерасы арқылы анықталған. Полиция қызметкерлері алғашқыда аппаратты алғанда, ондағы барлық жазба өшіп кеткенін байқаған. Бірақ криминалисттер оны аз уақытта қалпына келтірген көрінеді.

Ерлі-зайыпты ресторанға концерттен кейін келген. Сол жерге қайғылы оқиға болған. Мәзірден тапсырыс берген, арасында ішімдік те болған. Олар ұзақ уақыт отырған. Сағат түнгі 3:00-ге жақындағанда ресторан қызметкері оларға такси шақырып беруді ұсынған. Қуандық Бишімбаев кетуден бас тартқан, осыдан кейін әйелімен жанжалдасып, соңы қол көтеруге, жанжалға ұласқан.

Бұдан кейін олар қайта татуласқан. Ресторанның кабинкасында ұйықтап, тіпті, жыныстық қатынаспен айналысқан, сосын таңертең бір-ақ оянған. Таңертең таңғы асты бірге ішкен. Осыдан кейін Салтанат қайтадан ұйықтауға кеткен.

Бұдан кейін Бишімбаев туысқан інісіне хабарласып, ресторанға келуін өтінген. Інісі келіп, жарық жанып тұрған кабинканың есігін қаққан. Бишімбаев гардеробтан жамылғы әкелуді тапсырған. Оны әйелінің үстіне жауып қойған. Бастапқыда інісі Салтанатты ұйықтап жатыр деп ойлаған, кейін қан іздерін байқаған.

Түстен кейінгі уақытта Бишімбаев інісіне қайта жазып, камерадағы бейнежазбалардың бәрін өшіруді тапсырған. Інісі әкімшілікке хабарласып, видеоларды өшірткізген.

Сағат 16:20-да Бишімбаев інісімен тамақтанып алған. Кейін әйелін көріп келуге жұмсаған. Ол әлі де ұйықтап жатқанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұраған. Бишімбаев қарсы болған. Бұл уақытта сағат 16:35 болған. Сағат 16:40-та Бишімбаев інісіне қайта хабарласып, әйелінің тамырын тексеріп көруді сұраған. Сол кезде ғана Салтанаттың көз жұмғанын  түсінген. Жедел жәрдем шақыртып, ол 15 минутта келген. Бұл кезде Бишімбаев әйелінің жанында қобалжып отырған. Жедел жәрдем артынан бірден полиция қызметкерлері келген.

Нүкенованың өліміне алдын ала қойылған диагноз - мидің ісінуі, ол қатты заттың әсерінен бас-ми жарақатынан туындайды. Ерекшелігі – ми соққыдан кейін бірден емес, белгілі бір уақыт ішінде, тіпті бірнеше сағат ішінде ісінеді. Ресторан қызметкерлері, әйелдің қатты қорылдап ұйықтап жатқанын байқаған. Бұл да диагноздың бір белгісі.

Сондай-ақ, Салтанаттың сөмкесінде психотерапевт немесе невропатолог тағайындаған препараттар табылған.

Қалпына келтірілген бейнежазбадан сағат 7:00-де Бишімбаевтың әйелін қатты ұрып-соғып жатқаны көрінеді.

Оқиға болған соң Бишімбаевтың туыстары бірден Салтанаттың туыстарына көңіл айтқан. Қазір екі отбасы арасында ешқандай қақтығыстар немесе шағымдар жоқ.  Бишімбаевтың бір топ туысы Павлодарға келіндерін жерлеу рәсіміне де барған. Туыстары Қуандық пен Салтанаттың қарым-қатынасы күрделі болғанын, қызғаныш кесірінен жанжал шығарып, кейін татуласып жүргенін білген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 30
Күлкілі 2
Ашулы 18

Серіктес жаңалықтары