$ 441.66  475.14  4.86

«Бүгін өмірден озған күні». Мақпал Жүнісова марқұм жұбайын еске алды

Дүниеге бір-ақ рет келетін азамат қой...

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Зәкеңнің өмірден озған күні, топырағыңыз торқа болсын, 11 қарашада түнгі 11.30-да Әсет Бейсеуов марқұмның осы әнін рояльда сүйемелдеп айтшы деп өтінгеніңізде, соңғы рет тыңдап отырғаныңызды сезбедім, - дейді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің көңіліне демеу болып, жылы лебіздерін айтқан.

"Қазағым деп соққан жүрегінің сүйіктісі болдың сол үшін бақыттысың. Закеңнің жатқан жері жайлы болсын", "Дүниеге бір-ақ рет келетін азамат қой, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!", "Жаны жəннатта, иманы жолдас, топырағы торқа болсын!", - деп жазды олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары