$ 494.87  520.65  4.91

Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина триатлоннан Азия чемпионы атанды

Тағы бір ұлттық құрама өкілі Дарын Қонысбаев 7, Мейірлан Ысқақов 11, Темірлан Теміров 15-сатыдан көрінді.

Фото: UIPM
Фото: UIPM

Сауд Арабиясының Эль-Хубар қаласында аяқталған триатлоннан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қос алтын медаль түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Əйелдер арасында Екатерина Шабалина алдына жан салмай, мəреге бірінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші 1 сағат, 50 секунд. Одан кейінгі сатыға Қытай мен Гонконг спортшысы жайғасты.

Осыдан соң ерлер арасында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол жарыс жолын 55 минут, 32 секундта бағындырды. Күміс Гонконг, қола Жапония атлетінің еншісінде.

Тағы бір ұлттық құрама өкілі Дарын Қонысбаев 7, Мейірлан Ысқақов 11, Темірлан Теміров 15-сатыдан көрінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары