$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайда өткен Гран-придің жүлдегері атанды

Еркін бағдарламада Шайдоров 174,52 ұпай жинады.

Фото: instagram/mikhail_shaidorov
Фото: instagram/mikhail_shaidorov

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцинде өткен мәнерлеп сырғанаудан 2023 жылғы Қытай Гран-при турнирінде (Қытай Кубогы 2023) медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қысқа бағдарламада қазақстандық 89,94 ұпай жинап, үшінші орынға шықты. Еркін бағдарламада Шайдоров 174,52 ұпай жинады.

Михаил жалпы 264,46 ұпай жинап, франциялық Адам Сяо Хим Фа мен жапониялық Шома Уноға есе жіберіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Шайдоровқа дейін Денис Тен екі рет Гран-при кезеңдерінің – Trophée Eric Bompard 2014 ("қола") және Trophée Eric Bompard 2016 ("күміс") жүлдегері атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары