$ 494.87  520.65  4.91

Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша жаңа қылмыстық істер қозғалды

Іс Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын, және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды.

Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді, - делінген ПД хабарламасында.

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары