Әсіресе, майлы балықтар пайдалы.
Белгілі бір тағамдар миға пайдалы: мамандардың айтуынша олар назар салуды, есте сақтауды және ойлау қабілетін жақсартады.
Мидың жұмысын жақсартатын сегіз өнім:
Жасыл көкөністер
Ғалымдар жасыл көкөністерді тұтыну егде жастағы адамдарда да танымдық қабілеттің төмендеуін бәсеңдететінін анықтады. Мидың қартаюын бәсеңдету үшін күніне бір ғана жасыл көкөніс беру жеткілікті.
Жүзім
Жануарларға да, адамдарға да жүргізілген көптеген зерттеулер жүзімнің миға пайдалы екенін көрсетеді. Оның арқасында мидағы қан айналымы мен қысым жақсарады.
Грек жаңғағы
Альцгеймер ауруы көбінесе қабынудан туындайды. Жаңғақтар құрамындағы полифенолдар мен полиқанықпаған май қышқылдары қабынуға қарсы тұруға көмектеседі.
Қаражидек
Бір стакан жаңа піскен қаражидектің құрамында 80 калория мен С дәрумені, марганец және антоцианин сияқты қоректік заттар бар. Соңғысы қаражидекке түс беріп қана қоймай, миға да пайдалы.
Рафинатталмаған зәйтүн майы
Зерттеулер көрсеткендей, бұл май ағзаны тек Альцгеймер ауруынан ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген нейродегенеративті аурулардан, соның ішінде Паркинсон ауруы мен склероздан қорғайды.
Балық
Әсіресе, майлы балықтар пайдалы. Олардың құрамында миды қорғайтын омега-3 май қышқылдары бар.
Шоколад
Какао ұнтағында мидың ақпаратты есте сақтау мен сіңіруге жауап беретін аймақтарын жақсартатын флавоноидтар бар.