Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
«Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Prosports.kz жазуынша, допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зайнутдинов матчтың 41-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.