$ 494.87  520.65  4.91

«Ашық-шашық киінген қыздан қорықпа»: Жазира Байырбекова жар таңдауда ұлына қандай кеңес береді

Ең бастысы жан-дүниесі сол адаммен тыныш болса, өзін еркін сезінсе болды.

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова ұлының болашақ жар таңдауына қатысты қандай ақыл-кеңес беретінін айтты. Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазира Байырбекованың айтуынша, ашық киінетін жас қыздардан қорықпау керек. Ең бастысы жан-дүниесі сол адаммен тыныш болғаны маңызды.

Қазбекке "дәл мендей келін алуға міндетті емессің, өзің жақсы көрген қызды ала бер" деп айттым. "Ашық-шашық киінген қыздан қорықпай-ақ қой" дедім. Ол қыз да бір күн жабылар. Ең бастысы жан-дүниесі сол адаммен тыныш болса, өзін еркін сезінсе болды. Қазбектің  жақсы көрген адамын мен де жақсы көремін. Өйткені, ата-анама ұнаса деп үйленбей біраз жүріп қалуы мүмкін. Ата-анасы үшін бала таңдау жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы өзіне ыңғайлы болу керек. Қазбекке сенемін, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары