13.11.2023, 10:20

Болат Назарбаев қайтыс болды

Фото: ratel.kz

Сағат 9.28-де жүрек қызметі тоқтап қалды.

 

Тұңғыш Президенттің інісі Болат Назарбаев 13 қараша күні сағат 9.51-де 70 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сағат 9.28-де жүрек қызметі тоқтап қалды (асистол). 23 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже бермеді, - деп хабарлайды Ratel.kz ақпарат көзі.

2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевқа ауруханадан алынған пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры диагнозы қойылғанын жазған еді.

4 қарашада Болат Назарбаевтың ауыр халі туралы тағы да ақпарат тарады. Тұңғыш Президенттің інісі екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылды.