14.11.2023, 12:20

Бишімбаевтың ісі: Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Фото: Pixabay

Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған.

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Skifnews.kz  ақпарат порталы.

“Бау” мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды департамент.

Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған. Бұдан өзге ақпаратты департамент тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.